Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 22 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 21 сәуір 2019 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 22 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде - инвестициялар тарту мәселелері, студент жастардың тұру жағдайларын жақсарту бойынша Елбасының тапсырмасын орындау барысы талқыланады.

Сағат 11.00-де Ақордада Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де «ҚАЗАҚСТАН» Орталық концерт залының ҚР Жастар жылына арналған 22-ші жыл сайынғы «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ-2019» Ұлттық байқауын арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Вакцинамен бірге қорғалайық!» тақырыбында Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де «Хилтон-Астана» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин мен Корея Республикасының Президенті Мун Чи Иннің қатыусымен Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтеді.

Сағат 15.00-де Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің ғимаратында «Корея-Қазақстан» онкологиялық симпозиумы өтеді.

Сағат 16.00-де Корея Республикасының Президенті Мун Чи Иннің зайыбы, Корея Республикасының Бірінші Ханымы Пак Чон Хи Назарбаев Университетіне барады.

Сағат 16.20-да «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы республиканың автоөндірушілерінің 2019 жылдың I тоқсанындағы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат береді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасындағы иммунопрофилактикаө проблемалар мен осы мәселелерге арналған баспасөз конференция өтеді. Баспасөз конференциясының тақырыбы: «Қазақстандағы иммунопрофилактика: жағдай, мәселелер, проблемалар және вакцинацияға деген сенімнің артуы».

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Басқа меморгандар,
Жоғары қарай