Қазақстанда 20 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 20 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де Назарбаев Университетінде «The Central Asia Startup Show» стартап жобалардың ашылу салтанаты басталады.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
Сағат 10.00-де Қазақ ұлттық өнер университеті «Тұрақты, гүлденген Қазақстанның мәдени дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Сағат 10.00-де Министрліктер үйінің 14-кіреберісінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры «Еуразиялық тарихи мұра: Тарихтың шыңы - оның басталуы мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Сағат 10.00-де Достық 5 (IQ коуоркинг) мекен-жайында Тұңғыш Президент қорының қолдауымен ерекше балаларды дамытуға арналған оқу құралдарының тұсауы кесіледі.
Сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының салыну барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 11.00-де «Көрме» орталығында «Білім және ғылым-2019» ХVII Халықаралық көрмесі өтеді.
Сағат 11.00-де Ұлттық қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар орталығында Еуразиялық сарапшылар кеңесі қоғамдық қоры (ЕЭК ҚҚ) қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен (азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе) ұлттық жобаны іске асыру бойынша баспасөз конференциясын ұйымдастырады.
Сағат 11.00-де Дүниежүзілік балалар күніне орай Мәскеу бизнес орталығында «Қазпошта» АҚ пен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) Қазақстандағы Бала құқығы туралы конвенциясының 25 жылдығына арналған маркаларды сатуды бастайды.
Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Грэпплингтен Бакуде өткен әлем біріншілігіндегі Қазақстан құрамасының нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 17.00-де Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасы он күндігінің аясында мекеменің музей ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Жастар – елдің тірегі» көрмесі ашылады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.30-да «Республикалық протезды-ортопедиялық орталық» АҚ-тың 90 жылдығына орай баспасөз туры өтеді.
Сағат 11.00-де Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында «Түркі әлемі кітапханаларына кітап сыйлау» жобасы аясында ILESAM ғылыми және әдеби шығармалар авторларының кәсіби бірлестігінің ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітапты сыйға тарту рәсімі өтеді.