Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Қазақстанда 2 млн тонна астық бастырылды

2019 жылдың 19 тамыз 2019 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 19 тамызындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 2 млн 25,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, есептік кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 1 млн 39,3 мың гектар өнім жинаған немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 38,7% орылған. Орташа өнімділік гектарына 19,5 центнерді құрады.

2018 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 923,3 мың гектар, яғни 35,8% алқаптың егіні орылып, 1 млн 665,7 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құраған.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда астық жинау науқанының қорытындысына сәйкес, өңірдің 15 млн 59,7 мың га алқаптың егіні орылып, 22 млн 810 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құрады.

Асхат Ахметбеков

Жоғары қарай