Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 19 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 20:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 19 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да «Көрме» орталығында халықаралық РАТА туристік көрмесі ашылады.

Сағат 10.00 Үкімет үйінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың қатысуымен жылыту маусымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде «QARLYGASH-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында инновациялық әдістемелердің негізінде білімді, білікті балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелері баяндалады.

Сағат 10.00-де ОКҚ-да Еуразиялық интеграция институты елдің ғылыми-сарапшылық ұйымдарымен бірге «Қ.Тоқаевтың президенттігіне 100 күн - мақсаттар, қадамдар мен тактика» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 11.00-де Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылады.

Сағат 11.00-де ҚР Қарулы күштерінде бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге тұрғын үйдің кілті табыс етіледі.

Сағат 11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі өтеді.

Сағат 15.00-де елорда әкімдігінің баспасөз орталығында «Мейірімділік керуені» ІІ республикалық байқауына арналған брифинг өтеді.

Сағат 15:00-де Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдер үшін брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, елордалық ҚХА «Жастар қанаты», «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен жастар жылы аясында «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастарды дамытудағы жастардың рөлі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 18.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ елорда тұрғындары мен қонақтарын «Open Night» авторлық ән кеші басталады.

Сағат 18.00-де «Астана Опера» Камералық залында Санкт-Петербордағы гастрольге арналған баспасөз сұхбаттасу өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 08.30-да Ритц-Карлтон Алматы отелінде K19: Kazakhstan Growth Forum бизнес-саммиті басталады.

Сағат 09.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында университеттердің рөліне арналған жалпы отырыс өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақ онкология және радиология зерттеу институтында «Қазақстанда әйелдер арасында гинекологиялық обырға шалдығу жағдайы артып келеді» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де Атакент орталығында KAZCOMAK көрмесі аясында машина жасау саласында поляк сарапшысы жиын өткізеді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай