Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстанда 18 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 17 қараша 2019 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 18 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.15-те Hotel Grand Park Esil қонақ үйінде «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени бағыттағы Халықалық пактілерді орындауда Қазақстанның ұлттық әлеуетінің бекуі» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтеді.

Сағат 10.00-де «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» жоспарының 98-ші қадамы аясында төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу« тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 12.20-да ОКҚ-да жеке тұлғаларға берілетін салықтық жеңілдікке байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.30-да Astana Hub-та Жастар жылы аясында «Eco Startup» экологиялық стартаптар жобасының республикалық байқауының финалы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Mercure Almatycitycenter» отелінде Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ВИЧ, гепатит С және туберкулез ауруларының мәселелері бойынша ВЕЦА INTERACT шарасы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында «Біртұтас қазақ әдебиеті: Қытайдағы және атажұртқа оралған ақын-жазушылардың шығармашылығы», «Ғалым-ақындар поэзиясы дәстүріндегі жырлар» «Тебегенов Темірхан Сақаұлы библиографиялық анықтамалық», «Шәкірттер лебізі» кітаптарының тұсауы кесіледі.

Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Авторлық саласындағы өзекті мәселелер: проблемалар мен шешімдер» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Қытай - Циндао дан сәлем» атты концерт өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай