Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстанда 17 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 16 тамыз 2019 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 17 тамыз күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Ұлы дала мұрасы» IV Ұлттық Джамбори лагеріне баспасөз туры ұйымдастырылады.

10.00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде кәсіби спорт күніне орай Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өтеді.

10.00-де Назарбаев Университетінде Халықаралық HPAIR Гарвард конференциясының ашылуы өтеді.

11.00-де жылыту маусымы қарсаңында өрттер мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Байқоңыр ауданында ауқымды рейд жүргізеді.

18.00-де Достық үйінде Башқұртстан ресми делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

АЛМАТЫ

17.00-де Алматы қаласының әкімдігі «Алматы Спорты» әлеуметтік жобасымен бірлесіп, «Баршаға арналған йога» фестивалін ұйымдастырады.

Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай