Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қазақстанда 14 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 13 тамыз 2019 21:18 152

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 14 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде өтетін Гарвард жобасының Азиялық конференциясына (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) дайындалу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК-да қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланады.

Сағат 10.30-17.00 аралығында Rixos President Astana Hotel Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «JOB FAIR-2019» бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 11.00-де «Зүбәржат орамы» «Б» блогы «Атамекен» баспасөз орталығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы және «Жасыл экономика үшін» және G-Global-ды дамыту коалициясы бірлесіп, «ҚАМҚОР GREEN» – Қазақстанның теміржол саласын экологиялық қайта жаңарту» бағдарламасын іске қосу туралы баспасөз конференциясын өткізеді.

Сағат 14.30-да «ЭКСПО» конгресс орталықта салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен БАҚ өкілдері үшін конференция өткізіледі. Конференция тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру».

Сағат 15.00-де Үкімет үйінде Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алуды өткізу және квазигоссекторды сатып алу рәсімін жетілдіру шаралары туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.30-да елорда әкімдігінде «Қарапайым заттар экономикасы» атты жеңілдетілген бағдарламасын талқылауға арналған брифинг өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай