Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қазақстанда 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр

2019 жылдың 20 маусым 2019 09:52 1234

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, тест тапсырып жатқан түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



null

null

null
«Меніңше, соңғы жылдары балалар барынша байсалды болып барады. Олар салмақты, байыпты, барлық ойларын бір мақсатқа бағыттай алған. ҰБТ тапсырып жатқан барлық түлектерге сәттілік білеймін», - деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгін еліміз бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр.

«Республика бойынша бүгін жалпы 13 мың бала ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл - бірінші лек. Жалпы 9 күн тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.  ҰБТ-ны барлығы 117 242 түлек тапсырады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында осы университке 600 бала келіп отыр. Дәл осы жерде. Біз сәттілік тіледік. Балаларымыз қобалжымай, жақсы тапсырады деген үміттеміз», - деді Асхат Аймағанбетов.




 

 

Жоғары қарай