Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 12,7 мың зейнеткер Қарттар үйінде тұрады

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда қарттар үйінде тұратын зейнеткерлер саны 12 754-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2018 жылдың соңына қарай Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар саны 249 болса, соның 155-і - стационарлық типтегі, 63-і - жартылай стационарлық, 30-ы - уақытша тұратын, тағы біреуі - арнаулы әлеуметтік көмек көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйым.

Аталған ұйымдарда жалпы 44 433 адам тұрады, соның 42,9%-ы, яғни 19 077-сі әйелдер. Стационарлық ұйым тұрғындарының саны - 29 191, жартылай стационарлық ұйымда 12 572 адам, уақытша ұйымдарда 2 378 адам, арнаулы әлеуметтік көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйымда 292 адам тұрады.

Арнаулы әлеуметтік көрсету ұйымдары тұрғындарының 12 754-і зейнеткер. Соның 5 965-і туысы жоқ жалғызбасты қарттар болса, 2 186 адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Ақы төлеп тұратындар да бар, олардың саны - 638. Сондай-ақ 590 адам - бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жазасын өтеп, бостандыққа шыққандар. Зейнеткерлердің 90-ы Ұлы Отан соғысына қатысқан, олардың ішінде ҰОС мүгедектері де бар. Қарттар үйін паналап келген тағы 41 зейнеткер тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жапа шеккен.



Автор: Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Статистика, Қоғам,
Жоғары қарай