Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Қазақстанда 1133 сайт есірткі таратумен айналысқан

2018 жылдың 12 қазан 2018 18:07 394

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда есірткі заттарының таралуына көмектескен мыңға тарта сайт жабылды. Бұл туралы Астана қаласы ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз орталығында Алматы қаласында синтетикалық есірткі заттарының таралуына қатысты брифинг болып өтті. Оған қатысқан спикерлердің хабарлауынша, қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшелері Алматы қалалық ІІД қызметкерлерімен бірге халық ішінде есірткі мен синтетикалық заттардың таралуына қарсы күрес жүргізетін болады.

«Бүгін партия мүшелерімен бірге Алматы қаласының Медеу ауданында бұрын есірткі сақтауға қатысты бірнеше рет қолға түскен ер адамды ұстауға қатысты арнайы операция жүргіздік. Ол кезекті мәрте есірткі алуға келгенде ұсталды. Жалпы, бүгінге дейін Алматы қаласының есірткі заттарын таратуға қарсы күрес қызметі 70 сайт пен месенджерді жапқан. Ал бүкіл Қазақстанда есірткі заттарын таратушы 1133 осындай сайттың бары анықталған», - дейді Салтанат Әзірбек.

Алматы қаласының бас психиатры Сапар Рахменшеевтың айтуынша, өткен жылдан бері шаһардың Психиатриялық көмек көрсету орталығында есірткіге тәуелді адамдардың саны азайып кеткен.

«Екі мыңыншы жылдардың басында бірінші орында адамдар героинді көп тұтынса, қазір синтетикалық есірткі оны басып озды. Мәселенің бәрі де синтетикалық есірткінің арзан және уыты героиннен екі есе күшті болуында. Ата-аналар өз балаларының іс-қимылын әрдайым жіті бақылап жүруі керек. Ең қауіптісі - аталмыш есірткіні қабылдаған адамның миына ол бірден әсер етеді», - дейді Сапар Рахменшеев.

Сонымен қатар, синтетикалық есірткілердің трафаретті жарнамасымен де белсенді түрде күрес жүріп жатыр. Қаланың әрбір аудандық ішкі істер басқармасында аталмыш фактілерді анықтауға жұмылған жұмыс тобы құрылған. Ол жұмыс тобы әкімшілік ғимараттардың иелерімен және ПИК өкілдерімен бірге жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін БАҚ беттерінде синтетикалық есірткіні қабылдаған адамдардың суреттері жарияланатын болады.

 

 

Жоғары қарай