Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстанда 10 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 9 тамыз 2019 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 10 тамызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Орталық саябақта стритболдан «Nur-Sultan Cup» жарысы өтеді.

Сағат 10.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай поэтикалық музыкалық марафон ұйымдастырылады.

Сағат 16.30-да Mega Silkwaу СОО-да ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы шеберлік сабағында сауықтыру жаттығуын өткізеді.

Сағат 18.00-де елордалық «Жетісу» саябағында «Этнос күніне» орай «Шығыс қырлары» атты фестиваль өтеді.

Сағат 19.00-де Ұлттық кардихирургиялық орталықта «Сау жүректің айы – 2019» ұраны аясында қайырымдылық велошеруі өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Алматының барлық аудандарында Жасыл экономика басқармасымен бірлесе отырып, жалпы қалалық #TazaAlmaty кеңістігін тазалау акциясы аясында жергілікті сенбіліктер өтеді. Акцияның мақсаты - мегаполистің қоршаған ортасының жағдайын жақсартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосу.

Сағат 18.00-де «Forum» СОО-да GORILLA STYLE WARS би кеші өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай