Қазақстан жағажай волейболынан Еуролига финалына жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Қазақстан командасы Грузиямен өткен матчта жеңіске жетіп, Еуролиганың промофиналына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Olymp.kz хабарлауынша, Ерлан Жамантаев жаттықтыратын команда жаңа рекорд орнатып, алғаш рет турнирдің финалына өтті. Финалда жеңіске жеткен жағдайда, А дивизионына жолдама беріледі.
Грузия – Қазақстан - 4:6 (1:3, 1:2, 2:1). 8 қыркүйек күні өтетін финалда Қазақстан құрамасы 1 топтың жеңімпазымен кездеседі.