Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 367.30
EUR 419.68
RUB 5.58
CNY 52.91

Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын шешу үшін өз алаңын ұсынуға дайын

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 23:52 1621

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан «ядролық бестіктің» КХДР-дің қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтайды. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәміле қаруды таратпау саласындағы көпжақты дипломатияның табысты болатынын көрсетті. Ол күрделі мәселелерді келіссөздер арқылы шешудің тәжірибе жүзіндегі мысалына айналды. Осы келісім Қазақстан да өз үлесін қосқан сенім ахуалының арқасында жүзеге асты», - деде Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті келісімге кейбір қатысушылар тарапынан өз міндеттемелерін жүзеге асыруда туындаған қиындықтарға қарамастан іс-қимылды толықтай қамтитын бірлескен жоспар одан әрі табысты іске асады деп сенетіндігін білдірді.

«Осындай конструктивті тәсілді Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын реттеуде де қолдануға болады деп ойлаймыз. Корея түбегіндегі қазіргі оқиғалар терең қарама-қайшылықтың бар екенін білдірді. Осыған орай, мүдделі тараптардың Солтүстік Корея мәселесін неғұрлым жылдам әрі конструктивті жолмен шешуге шақырамыз. Сенім ахуалын қалыптастырудың және Пхеньяннің келіссөз үстеліне оралуының маңызды шарты ретінде «ядролық бестіктің» КХДР-дің қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтаймыз. Мүдделі тараптар қажет еткен жағдайда, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Жоғары қарай