Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстан шекарасын кесіп өткен 5 өзбек үсіп қала жаздады

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 18:54 806

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал шекара отряды «Мұқатай» заставасының аумағында Ресейден Қазақстан аумағына кірген 5 өзбекстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет дерегінше, ұсталғандардың ең үлкені 46 жаста, ал ең кішісі 28-де. Олардың барлығын үсік шалған. Өзбекстан азаматтары бірден Дарьинск ауылындағы аудандық емханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қойған диагнозына сәйкес, олардың біреуінің аяқ-қолдарын 3-4-інші дәрежелі, екеуін 2-3-інші дәрежелі, тағы екеуін 1-дәрежелі үсік шалған.

«Біреуінің жағдайы ауыр, қарқынды терапия палатасында жатыр. Екеуінің жағдайы орташа, қалған екеуі емге мұқтаж емес. Қазіргі уақытта бесеуі де шекарашылардың күзетімен Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының Дарьинск ауылындағы емханада ем алуда», - делінген таратылған ақпаратта.

 

 

Жоғары қарай