Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстан секілді жас дарындарға қанат бітірген елдер аз - Боб Арум

2019 жылдың 21 мамыр 2019 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі Top Rank Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, бизнесмен Боб Арум кәсіпқой боксшылар көп шығып жатқан Қазақстанды ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйгілі промоутердің сөзін MTK Global компаниясының баспасөз қызметі таратты.

«Қазақстан секілді жас дарындарға қанат бітірген елдер аз. 6 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешін ESPN тікелей эфирден көрсетеді. Бұл кеш қазақстандық бокс үшін ерекше болмақ. Top Rank өз кезегінде MTK Global компаниясымен жұмыс жүргізгенімен мақтанады», - дейді Боб Арум.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтандағы 12 мың көрерменді сыйғыза алатын «Барыс Аренада» 6 шілде күні кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол күні MTK Global компаниясымен жұмыс істейтін Жаңқош Тұраров, Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Әли Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар өнер көрсетпек.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай