Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкентке келді

2019 жылдың 14 сәуір 2019 19:33 1551

  ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.
Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды.

Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылайтын болады.

Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген.

Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Авторы: Мирас Қуандықов



null 

Жоғары қарай