Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Қазақстан Президенті көрші елдермен тиімді қатынас туралы айтты

2020 жылдың 16 ақпан 2020 02:22

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдермен өзара тиімді қарым-қатынас туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер көлемі бойынша тоғызыншы орындағы Қазақстан Республикасы туралы айтатын болсақ, Қытай мен Ресейдің ортасында орналасу – мүмкіндік. Біз екі елмен көршілес болу арқылы көптеген мүмкіндікке ие болдық. Сонымен бірге, Орталық Азияның көп бөлігін иемдену де географиялық ерекшелік. Менің ойымша, Орталық Азия өзінің геосаяси маңызын жоғалтпайды», - деді Мемлекет басшысы «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы өткен панельдік пікірталас кезінде.

Осы орайда, Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас Қазақстан Президентінен Қытай мен Ресей туралы пікірін сұрады.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Қытай экономикалық тұрғыда өте жақсы серіктес екенін жеткізді.

«Ал Ресей туралы айтатын болсақ, экономикалық дамуында біраз кідіріс бар. Қазақстан мен Ресей ең ұзын шекараға ие. Біздің серіктестігіміз Қазақстан үшін пайдалы болып, одан әрі жалғаса береді деген сенімдемін», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Президент көршілес елдермен өзара тиімді қарым-қатынас туралы айтты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мюнхен конференциясында Орталық Азиядағы процестерге ерекше назар аударылғанын жеткізді.



Жоғары қарай