Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Қазақстан Президенті Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директорымен кездесті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 19:38

ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директоры Мұхаммед аш-Шайбанимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара ынтымақтастыққа және «Астана» халықаралық қаржы орталығының одан әрі даму перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Дубай инвестициялық корпорациясының Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысына белсенді қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед аш-Шайбаниге Қазақстан активтеріне инвестиция салуға және сатып алуға қызығушылық білдірген жағдайда біздің мемлекеттік құрылымдардың инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтты.


Жоғары қарай