Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

ҚР Омбудсмені қазақстандық студенттің өлімін тексеруге қатысты РФ Уәкілінен көмек сұрады

2018 жылдың 28 мамыр 2018 13:38 437

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының Омбудсмені Татьяна Москальковаға қазақстандық студент Томирис Байсафаның өлімін тергеуде көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, сәуір айында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлаған қазақстандық студент қыз 3 мамырда ауруханада қайтыс болды.

Қыздың ата-анасы оның өзіне қол салғандығына қатысты тергеудің нұсқасымен келіспейді және тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде.

«Қазақстан мен Ресейде қоғамдық резонанс тудырған бұл оқиғаның тергеу жұмыстарын Мәскеу қаласы Батыс әкімшілік округының Бас тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, Томирис Байсафаның ата-анасы келтірген тергеудегі процессуалдық бұзушылықтар туралы ақпарат және тергеу барысы туралы хабар беруден бас тартудың тергеудің әділ жүргізілуіне кедергі келтіріп отырғаны Омбудсменнің алаңдаушылығын тудырды. Студент қыздың отбасы тергеу органдарының қажетті сараптамалар үшін дер кезінде шара қолданбағанын жеткізді. Сондай-ақ, ата-ана қылмыстық істің жалғыз куәгердің сөзіне негізделгенін, нақты процессуалдық шешім мен сәйкес сарапшылар тұжырымдамасы шыққанша БАҚ-та оқиғаның түрлі нұсқаларының тарауына ықпал еткенін айтып, дабыл қағуда», - делінген ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл аппаратының баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР Омбудсмені жоғарыда көрсетілген фактілерді назарға алып, оқиғаның әділ тексерілуіне жәрдем беруді сұрады.

 

 

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Ресей, Адам құқығы,
Жоғары қарай