Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Қазақстан Мысырға астық экспортын қайта жандандырады

2018 жылдың 12 қазан 2018 16:25 257

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Мысырға астық экспортын қайта жандандырады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Қазақстаның Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елшінің айтуынша, 2008-2010 жылдары Мысырға Қазақстаннан жыл сайын шамамен 1 млн тонна астық экспортталып келген. Алайда, соңғы уақытта Мысырда орын алған саяси толқулар мен екі төңкерістің салдарынан астық экспорты тыйылған.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Мысыр астыққа қатысты өткізетін тендерлерге қатысуға ниетті екендігін білдіріп отыр. Бұған қоса, жеке бизнеске де үміт бар. Қазірдің өзінде екі елдің арасында 10 миллион долларға астық пен майлы дәнді-дақылдарды жеткізуге келісімшарт жасалып отыр», - деді Арман Исағалиев.

Оның дерегінше, Мысыр  жылына 10-12 милллион тонна астықты сырттан сатып алып отыр. Сондықтан да бүгінде бұл ел өз аумағында қазақстандық астық терминалын ашуға және оның өңірдегі өзге де елдерге шығаруға ниет танытуда.

 

 

Жоғары қарай