Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор - Нұрлан Нығматулин

2019 жылдың 15 қараша 2019 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дананг – аталған мемлекеттің орталық бөлігінде орналасқан маңызды теңіз айлағы саналады. Мьянму, Таиланд, Лаос және Вьетнам сынды төрт елді байланыстырады.

Танысу барысында Нұрлан Нығматулинге айлақтың техникалық мүмкіндіктері және инфрақұрылымы туралы толық ақпараттар берілді. Ол жылына 12 млн тонна жүк өткізе алады. Заманауи қойманың эксплуатациялық қуаты жылына 8 млн.тоннаға дейін жетеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы киім тігумен айналысатын Хоа Тхо корпорациясына да барды. Өндіру қарқынының күштілігі сондай әрбір 42 секунд сайын конвейерден бір ерлер костюмі шығарылады.

Данангта Палата Спикері Чыонг Куанг Нгиа қаласының Партиялық комитетінің хатшысымен кездесті.

«Осы Вьетнам жерінде өткен кездесулер біздің екі елдің даму жолында ортақ мақсаттар, бірлескен жобалар көп екенін көрсетті. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін, сонымен бірге, парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту үшін, бізбірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер, Қазақстан және Вьетнам арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге жаңа жол ашады деп сенеміз,- деді Н. Нығматулин.

Жоғары қарай