Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Қазақстан мен Үнді елінің әскери альпинистері Геннадий Головкинге  қолдау көрсетті

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 22:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан және Үндістан Республикалары арасында екіжақты ынтымақтастық пен тәжірбие алмасу аясында екі елдің Қарулы Күштерінің таулы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі өтті.

Оқу-жаттығу Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының таулы дайындық орталығы базасында өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметшілер екі апта шамасында Іле Алатауында өздерінің дағдыларын сақтандыру арқаны әдістерін жетілдірді, оқу сақтандыру қабырғасында жұмыстар жүргізіп, қоласты құралдарымен зардап шеккендерді тасымалдауда, таулы өзендер арқылы өткелден өту сұрақтары бойынша тәжірибе алмасты.

Жиын соңында әскери альпинистер Аманкелді (4010м) пен Нұрсұлтан (4330 м) шыңдарын бағындырып, 5 қазанда Нью-Йорк (АҚШ) қаласында болатын қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен ұрысына арналған 5 түрлі тілде бейнеөтініш жазды.




«Таулы бөлімшелердің бірлескен оқу-жаттығу жиыны екі елдің таулы бөлімшелердегі әскери қызметшілерді дайындау жұмысында тиімді пайда әкеледі. Әскери қызметшілерді жаттықтырудағы біздің жүйе басқа елдер арасында танымал. Себебі біз, Кеңестік альпинисттер мектебінің жаттығу жүйесі мен тәжірбиесіне сүйене отырып, бұл тәжірибені біздің альпинистерді дайындау жұмысындағы заманауи техникалармен біріктіреміз. Өз кезегінде таулы аймақта жауынгерлік қимылдар жүргізуде тәжірибесі мол Үндістандағы біздің әріптестер, әскери альпинистерді дайындаудағы жаңа дағды мен техникаларды игеруге жақсы мүмкіндік» - деп атап өтті ҚР ҚМ СК-АОСК Таулы дайындық орталығы бастығының орынбасары подполковник Аманжол Рахметов.

Жоғары қарай