Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қазақстан мен Ұлыбританияда екіжақты ынтымақтастықты арттыруға зор әлеует бар - Мамин

2019 жылдың 17 сәуір 2019 17:55 771

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

А. Данкан атап өткендей, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер бар және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалған. А. Данкан Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда негізгі ережелердің сабақтастығы қамтамасыз етілетініне сендірді.

«Қазақстан мен Ұлыбританияда екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін зор әлеует бар, оны тиімді пайдалану қажет», - деді ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

ҚР-да британдықтардың қатысуымен 850-ден аса заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде Royal Dutch Shell, Ernst&Young және басқалары бар. Бизнес құрылымдардың өзара іс-қимылын одан әрі ұлғайту үшін биыл қазан айында Лондонда кезекті қазақстандық-британдық инвестициялық форум өтеді. Бұл шара ірі британдық бизнестің қызығушылық танытқан жаңа өкілдерін тартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

Жоғары қарай