Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қазақстан мен Ресейде бензин бағасы қашан теңеседі - Бозымбаев жауабы

2019 жылдың 29 қазан 2019 19:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің жанар-жағармай бағасын теңестіру мәселесі біртіндеп жүзеге асырылатын болады. Бұл жайында Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресеймен бағаны теңестіру мәселесі бір күннің шаруасы емес. Біз бұған дейін бірыңғай нарыққа ену туралы келісімге қол қойған едік. Бұл нарыққа Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь сынды елдер кіреді. Дегенмен, бұл 2025 жылы орын алады», - деді министр.

Қанат Бозымбаев Қазақстан мен Ресейде бензин бағасының бірдей болатындығы туралы айтуға әлі ерте екендігін ескертті.

«Өйткені, бағаны теңестіру мәселесін дұрыс түсіну қажет. Бұл біртіндеп жүзеге асырылады. Бұл бір күннің, бір айдың, тіпті бір жылдың ішінде шешіле салатын мәселе еместігін түсіну маңызды», - деді ол.

Жоғары қарай