Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстан мен Ресей сенаторлары кездесті

2019 жылдың 24 мамыр 2019 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федералды жиналысы Федералды кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов бұған дейін өткен комиссияның 13-отырысы өзінің тиімділігін көрсеткендігін атап өтті. Парламенттік өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне қол жеткізіліп, екі мемлекеттің заңнамасын үйлестіру саласында үлкен жұмыс атқарылғанын айтты.


null

Сонымен қатар ол Сенат пен Федералды кеңес арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес отырыс жұмысына екі бейінді комитет қосылғанын еске салды.

Өз кезегінде ресейлік тараптан комиссияның тең төрағасы РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары И.Умаханов өткізіліп отырған отырыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар цифрлық экономиканы дамыту, жастарға қолдау көрсету және бұл саладағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аудартты.

«Бұл отырыстың жемісті боларына және біздің заң шығарушы органдарымыздың өзара тиімді ынтымақтастығына оң ықпалын тигізетіндігіне сенімдіміз», - деді С.Громов.


null

Отырыс барысында Қазақстан мен Ресей сенаторлары құқық қорғау органдары мен соттарды қоса алғанды цифрландыруды заңнамалық қамтамасыз ету, жастарға қолдау көрсету, сонымен қатар екі елдің жастар ұйымдары ынтымақтастығының келешегі мәселелерін талқылады.

Отырысқа сенаторлар Георгий Ким, Жеңіс Нұрғалиев, Төлеубек Мұқашев, Нұрлан Бекназаров, Владимир Волков, Ғұмар Дүсембаев, Сергей Плотников, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, ҚР Жоғарғы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ерден Әріпов, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Сонымен қатар делегациялар Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде болып, Мәңгілік алуға гүл шоқтарын қойды.

Комиссияның кезекті 15-отырысы Ресейде өтеді. Нақты датасы мен өтетін орны комиссия хатшылығы арқылы келісілетін болады.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ресей, Сенат, Алматы,
Жоғары қарай