Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 375.95
EUR 425.80
RUB 5.74
CNY 55.94

Қазақстан мен Португалия Дэвис кубогына қатысатын құрамдарын жариялады

2019 жылдың 23 қаңтар 2019 19:15 655

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Португалия Дэвис кубогына қатысатын ерлер командасының құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, BNP Paribas Дэвис кубогының Қазақстан мен Португалия арасындағы матчы 1-2 ақпан күндері Астана қаласындағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді. Кездесу жеңімпазы 18-24 қараша күндері Мадридте өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев команданың құрамын: Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 56-орын), Александр Недовесов (193), Александр Бублик (164), Тимур Хабибулин (АТР жұптық жарысында - 162) және Денис Евсеевтерден (322) жасақтады.

Осы жігіттерге қарсы Жоау Соуза (АТР рейтингінде - 44), Педро Соуза (103), Жоау Домингеш (224) және Гаштан Элиаш (245) кортқа шығады. Португалия құрамасының капитаны - Руй Мачадо.

Қазақстанның ерлер командасы бұған дейін де халықаралық ірі теннис турнирлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ал Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінің ширек финалында бес рет өнер көрсеткен.

Қазақстан-Португалия матчтарының кестесі:

1 ақпан, 14:00-де басталады.

13:45 - турнирдің ашылу рәсімі

14:00 - матчтар (2 дара кездесу)

2 ақпан, 12:00-де басталады

11:50 - ашылу салтанаты

12:00 - матчтар (1 жұптық кездесу, 2 дара кездесу)

 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай