Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 342.49
EUR 400.85
RUB 5.51
CNY 51.33

Қазақстан мен Польша көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2017 жылдың 13 желтоқсан 2017 18:34 1140

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша жұмыс тобының II отырысы болды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Контейнерлік тасымалдарды дамыту саласында Достық/Алтынкөл-Брест-Достық/Алтынкөл учаскесінде контейнерлік пойыздарды қабылдау-өткізу бойынша бірлескен технологияны әзірлеу мәселесі келісілді. Сонымен қатар, контейнерлік пойыздарды технологиялық өңдеу уақытын қысқарту мүмкіндігі қарастырылады.  

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық Транскаспийлік көлік бағытындағы (ТХКБ) тасымалдарды бірлесіп дамытуға келісті. Польша халықаралық Транскаспийлік көлік бағытын пайдалану арқылы Қытайға және басқа Азия елдеріне мыс және азық-түлік өнімдерін контейнермен тасымалдауға дайын.

Қатысушылар автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастықты оң бағалады. 2018 жылы Халықаралық автомобиль тасымалдарын жасау үшін рұқсат бланкілерімен алмасу алдын-ала квотасы 2017 жылдың деңгейінде белгіленді. Олар мынадай мөлшерде бөлінеді: қазақстандықтар үшін 10,5 мың әмбебап рұқсаттамалар, үшінші елдерге және осындай елдерден 3,5 мың рұқсаттама; польшалықтарға 10 мың әмбебап рұқсаттама, үшінші елдерге және осындай елдерден 4 мың  рұқсаттама. 



null 

 

Жоғары қарай