Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстан мен Өзбекстанның туристік өнімдері бір ортақ брендпен біріктіріледі

2019 жылдың 16 сәуір 2019 18:27 845

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік өнімдері кеңсесі жұмысын бастады.  Аталған орталық Шымкент қаласы мен Түркістан облыстық туризм басқармасының қолдауымен ашылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сала мамандарының айтуынша, екі ел арасындағы туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алда екі елдің туристік операторларының қатысуымен біздің аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр. Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары - Самарқан, Хиуа, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді. Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы мен «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болады.

Айта кету керек, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылып отыр.


null 



null 

null 

null 

null 

 

 

Жоғары қарай