Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстан мен Өзбекстанның Қарулы Күштері таудағы даярлықтарын пысықтады

2019 жылдың 18 қараша 2019 10:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан аумағында Қазақстан және Өзбекстанның Қарулы Күштері тау даярлығы бөлімшелерінің бірлескен жаттығуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаттығуға Қазақстан армиясы атынан ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы Тау даярлығы орталығының әскери қызметшілері қатысты.

Екі елдің бөлімшелері «Фориш» полигонында бірлесе отырып тауға шығу дайындығын ұйымдастырудың теориялық мәселелерін, таудың биіктіктін, арнайы және оқ ату жаттығуларын ұйымдастыру әдістерін, жорыққа және шыңға шығу мәселелерін пысықтады.

«Сондай-ақ, таулы аймақта қиындық туғызатын алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды тасымалдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі елдің әскери қызметшілерінде бірлескен жұмыстар жүргізуден тәжірибелері мол. Өткен жылдың желтоқсан айында тау даярлығы бөлімшелері жаттығуды дәл осы Өзбекстанның таулы полигонында өткізген болатын», - деді ведомстводан.













Жоғары қарай