Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

2019 жылдың 18 қазан 2019 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия Премьер-министрі У.Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжат рәсімделді.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол қойды.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісім жасалды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану туралы мәселелерді реттейді. Сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.

Жоғары қарай