Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партиясына қойылатын талаптарға келісті

2019 жылдың 26 сәуір 2019 21:03

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы мен ҚХР Бас кеден басқармасы бір-бірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партиясына қойылатын талаптарға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжіңде өтіп жатқан "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі екінші форумы аясында Қытайға экспортталатын астық ұнының экспорттық партиясына қойылатын фитосанитарлық талаптар (жаңартылған) бойынша, Қытайдан Қазақстанға экспортталатын үйрек етіне қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар бойынша хаттамаларға, сонымен қатар Қазақстанан Қытайға ет (сиыр және қой еті) және ет өнімдерінің экспортына арналған ветеринарлық сертификатқа қол қойылды.

Құжаттарды ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен ҚХР Бас кеден басқармасы төрағасының орынбасары Ли Го ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Ни Юэфэннің келіссөздері аясында рәсімдеді.

"Біз жүргізген инспекцияның нәтижесінде отандық 30 ұн тарту өнеркәсібі (қазақстандық тараптың кепілімен) және 4 ет өндіруші кәсіпорын (қытайлық инспекция нәтижесі бойынша) Қытайға өнім жеткізуге құқығы бар кәсіпорындардың қытайлық тізіліміне енгізілетін болады", - деді Г.Исаева.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тараптар майлы және астық тұқымдас дақылдарға, шошқа еті мен сүт өнімдеріне қатысты талаптарды келісу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Жоғары қарай