Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстан мен Германия әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2019 жылдың 24 наурыз 2019 23:43 884

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Хусаинов бастаған әскери делегация Берлин қаласында германиялық әріптестерімен ауқымды келіссөздер өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Тараптар Қазақстан мен Германияның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2019 жылғы Әскери ынтымақтастық жоспарын талқылап, қол қойды. Әскери білім беру мәселелері бөлек тақырыпқа арнау болды.

Келіссөз қорытындысы бойынша, Германия Қарулы Күштерінің әскери қимылдарды модельдеу және әскери медицина саласында цифрлық мониторинг жүйесін пайдалануды үйрену мақсатында арнайы жасақ бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол жеткізілді, сондай-ақ Қазақстан мен Германияның верификациялық орталықтары арасындағы өзара ықпалдастық және бітімгерлік қызмет мәселелері қаралды.

 

 

Жоғары қарай