Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Қазақстан L-610 және жеңіл моторлы Байкал ұшақтарын құрастырмақ

2019 жылдың 10 шілде 2019 12:52 454

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан L-610 және жеңіл моторлы Байкал ұшақтарын құрастырмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейлік өндірушілермен бірге L-610 және жеңіл моторлы Байкал ұшақтарын құрастыру жобамыз бар. Бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр. Меніңше, «Қазақстан инжиниринг» ресейлік компаниялармен бірлесіп, бұл жұмысты осы жылдың соңында бастайтын болады», - деді Аманияз Ержанов.

Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында өндірістік кооперацияны дамыту саласында бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданған. Оның аясында КАМАЗ көлігінің компоненттерін, Hyundai маркалы машиналар мен олардың компоненттерін өндіру, "Азия Авто ҚАЗАҚСТАН" АҚ арқылы толық циклді автозауыт салу бойынша жобалар көзделген.

«Егер автомобиль өнеркәсібіндегі жаһандық жағдай туралы айтатын болсақ, әлемде біз бірқатар өзгерістерді байқап келеміз. Әлемдік трендтердің бірі қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық таза машиналар өндірісін, бірінші кезекте электромобильдерді дамыту болып саналады", - деп атап өтті вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, таяу болашақта балама технологиялар қолданылған көліктердің әлемдік сатылымдағы үлесі 89 пайызға жетіп жығылмақ.

«Қазақстан әлемдік трендке сай болуға ұмтылады. Сондықтан біз мұндай жұмысты жүргізіп жатырмыз. Мәселен, «Сарыарқа автоөнеркәсібінде» Jac үлгісіндегі 30-дан астам электромобиль құрастырылды. Электромобильдерді  еліміздің климаттық және инфрақұрылымдық жағдайында пайдалану мүмкіншіліктеріне ауқымды зерттеу жүргізілді. Сатып алушылар үшін мұндай көлік түрлерінің құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Аманияз Ержанов.

 

 

Жоғары қарай