Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайсарға» ауысты

2020 жылдың 17 ақпан 2020 18:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы қатарына Қазақстан құрамасының ойыншысы Могамед Парагульгов қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Могамед Парагульгов 1994 жылдың 26 наурызында Алматыда дүниеге келген. Алматы футболының түлегі үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2015 жылы Семейдің «Спартак» клубында бастап, одан кейін Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ертіс» клубтарында доп тепкен. 2018 жылдан бастап ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді.

Сондай-ақ, «Қайсар» қатарына хорватиялық футболшы Иван Пешич қосылды. 1992 жылдың 6 сәуірінде дүниеге келген футболшы Хорватияның «Хайдук», «Шибеник», «Задар», «Сплит», Австрияның «Аустрия» (Клагенфурт), Румынияның «Динамо» (Бухарест) командаларының намысын қорғады. Былтыр Қарағандының «Шахтері» құрамында 33 ойында 8 голдың авторы атанды.





Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров, мозамбиктік Файфе Режиналдо, ресейлік Алексей Шумскихпен келісімшартқа отырған болатын.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Жоғары қарай