Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Азия ойындарына арналған киім үлгісі таныстырылды

2018 жылдың 23 шілде 2018 19:36 353

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасы Жазғы Азия ойындарына отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басасөз қызметіне сілтеме жасап. Спортшылардың жаңа образын жасауда көшпенділер тақырыбы басты назарға алынды. 

Коллекцияның негізгі нысаны - техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады. 

Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет - Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды.



null

null

null

null

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай