Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қазақстан көрші мемлекеттерге қандай тауарларды шығара алады

2019 жылдың 3 қазан 2019 17:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан көрші мемлекеттерге қандай тауарларды саудалай алатынын тізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, біз Ресейге бағытталған экспортты 80 тауарлық позицияға дейін арттыра аламыз. Қазақстандық нарықтан Ресейге металл өнеркәсібінің, химия өнеркәсібінің тауарлары, азық-түліктер, уран мен басқа да тауарлар тартымды. Біз оларға 245,6 млн доллардың тауарын тасымалдай аламыз. Сол секілді, Қытайға құны 1,6 млрд долларлық 60 тауар түрін жіберерлік әлеует бар. Атап айтқанда, ол жаққа темір мен болаттың илемделген түрін, жартылай фабрикаттар мен уран, күкірт, бидай, май өнімдерін, кондитерлік өнімдерді шығара аламыз. Одан бөлек, Қытайға біздің елден бұрын апарылмаған оксид, цемент, металдың бөлек түрлері секілді тауардың 30 түрін саудалауға мүмкіндік бар», - деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер Түрікменстанға құны 123 млн долларға тауардың 40 түрін, Өзбекстанға 210 млн долларлық 70 тауар түрін шығара алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Төребаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей нарығына енген отандық компаниялар бетпе-бет келген проблемаларын айтқысы келе бермейтінін мәлім еткен еді.

Жоғары қарай