Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстан-Корея арасында сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қойылды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер қорытындысында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Бас прокуратурасы мен Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы» шартқа, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігі арасында «2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық» бағдарламасына, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Корея Республикасының Ғылым және АКТ министрлігі арасында «Төртінші өнеркәсіптік революцияға бірлесіп ден қою жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша ниет туралы хатқа және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұнан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі арасында «Денсаулық сақтау саласындағы «Самал жел» бағдарламасын іске асыру жоспары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Корея Республикасының Кеден қызметі «Уәкілетті экономикалық операторлардың бағдарламаларын өзара тану жөніндегі»өзара түсіністік меморандумы рәсімделді.




null


null


null


null

Жоғары қарай