Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қазақстан халықаралық займ тартуда ТМД елдерінің арасында көш бастап тұр

2019 жылдың 19 тамыз 2019 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халықаралық даму банктері тарапынан келешегі зор жобаларға қаржы тартуда ТМД елдерінің арасында көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Статистикалық деректерге сәйкес, бірінші жартыжылдықта Қазақстанның бекітілген инвестициялық-жобалық займдарының көлемі 45 пайызға ұлғайып, 874,5 млн долларға жетті. 2019 жылдың екінші тоқсанында халықаралық даму банктері жеке сектордағы құны 1 млрд доллар болатын инестициялық-жобалық қаржыландыруды мақұлдады. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда сома 13,3 пайызға артты. Екінші тоқсандағы жаңа жобалар саны 34-ке жетті. Қаржыландырудың негізгі көлемі Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуразиялық даму банкіне тиесілі. Олар жалпы банктер қаржыландыру сомасының 43,8 және 37 пайыз қаражатын бөліп отыр.

Осы жылдың екінші тоқсанында Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 184,2 млн доллар құйып, негізгі инвесторға айналды. Ал Еуразиялық даму банкі 73,5 млн долларға жобаларды қаржыландырды.

Толықтай алғанда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық даму банктері Қазақстанға 874,5 млн доллар инвестиция құйды. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 44,9 пайызға көп.

Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қаржы, Экономика, Банктер,
Жоғары қарай