Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақстан фермерлер одағының экс-басшысы 19 жылға сотталды

2019 жылдың 16 қазан 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі, 122-бабы 1-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің «жас балаға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау», «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу», «бірнеше рет зорлау» баптары бойынша сотталып отыр.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан фермерлер одағы басшысының ұсталғанын хабарлаған болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай