Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақстан елшісі Ташкент хокимімен кездесті

2019 жылдың 25 тамыз 2019 06:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды Ташкент хокимі Джахонгир Артыкходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлағандай, кездесу барысында Дархан Сатыбалды Өзбекстан астанасының сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты жолға қою ісіне қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің өзара іс-қимылды жандандыру бойынша қойған міндеттерін ескере отырып, қазақстандық инвесторлардың Өзбекстан астанасында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін хабарлады.

Өз кезегінде Джахонгир Артықходжаев инвестицияның өсуіне байланысты Ташкент қаласының құрылыс саласы айтарлықтай жанданғанын сөз етті. Ол Қазақстан елшісін 2025 жылға дейінгі астананы дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

Ташкент хокимі «Астана Опера» және «Астана Балет» ұжымдарының гастрольдерін тұрақты негізде өткізген жөн екенін атап өтті.

Жоғары қарай