Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстан елшісі Өзбекстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 21:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы ітер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Өзбекстанның Президенті Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке жоспарланған мемлекеттік сапарын екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы тұрғысынан атап өтті.

Сонымен қатар, Ш.Мирзиёев қазақстан-өзбек стратегиялық әріптестігін жан-жақты тереңдете түсуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті.

Президент Қазақстанның елшіcіне Өзбекстандағы қызметіне сәттілік тіледі.




null


null

Жоғары қарай