Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстан Елшісі Германияның Федералды президентіне сенім грамотасын тапсырды

2019 жылдың 16 тамыз 2019 21:22

БЕРЛИН. ҚазАзпарат - Астаналық «Бельвю» сарайында Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Германия Федеративтік Республикасының Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге салтанатты түрде сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімнен кейін болған сұхбат барысында Елші Д.Кәріпов Ф.-В.Штайнмайерге Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жолдады, сондай-ақ Қазақстан-Германия саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасы стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Германия Президентіне Қазақстандағы экономиканы жаңғырту, әлеуметтік саланы дамыту және демократияландыру жөніндегі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және мемлекет Басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан шаралардан хабардар етті.

Д.Кәріпов екіжақты байланыстардың барлық кешені бойынша мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту және өзара мүдделерге жауапты міндеттерді жүзеге асыруға қатысты күш-жігерді арттыру жөніндегі екі ел арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Неміс Президенті Қазақстанның тұрақты дамуына жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жаңа саяси бастамаларына табыс тіледі.

Бұл тұрғыда Германияның Федералды Президенті 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапары аясында өткен Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі барысында екі елдің бизнес құрылымдары арасында 20-ға жуық келісімге қол қойылғанын еске алды.

Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасайтын алғашқы еуропалық сапарын биыл өткізу перспективасын қолдай отырып, екі ел үшін мемлекеттік басым салаларда Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға деген неміс тарапының шынайы пейілін білдірді.

Кездесу соңында Ф.-В.Штайнмайер Қазақстан басшылығына достық сәлем жолдап, Елші Д.Кәріповке дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі.

Жоғары қарай