Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 14:14

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ЕЭК кеңесінің мүшелері ішкі нарықтардың жұмысына, кедендік және техникалық регламенттерге, халықаралық ынтымақтастық пен өнеркәсіпке қатысты мәселелерді талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері ЕАЭО ішкі нарығындағы шектеулер мен кедергілерді жою барысы туралы ақпаратты тыңдады. ЕЭК Кеңесінің мүшелері тауарлар мен қызметтердің бірыңғай нарығын құрудағы барлық кедергілерді жою қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында қазақ-қырғыз шекарасындағы ағымдағы жағдай талқыланды, нақты айтқанда Қырғызстан тарапынан тауардың құнын төмендету, жалған транзит, тауарды тасымалдау құжаттарында жалған ақпарат көрсету мәселелері сөз болды. Қазақстандық тарап өзара сауданы оңтайландыру және жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін нақты шараларды ұсынды.





ЕЭК кеңесі барысында ЕАЭО-ға тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамытудың Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасын іске асыру ЕАЭО елдерінің аумақтары арқылы тауарлардың кедергісіз кедендік транзитін қалыптастыруға, соның ішінде Ресей Федерациясы арнайы экономикалық шараларды қолданатындарға негіз болады.

Құрамында никотині бар өнімдердің жаңа түрлеріне (қыздырылған темекі, вейптер және басқалары) бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО шеңберінде міндетті талаптар белгіленген өнімдердің Бірыңғай тізіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Кейіннен «бестік» осы өнімдерге арналған бірыңғай техникалық регламентті әзірлейді.

Жалпы, өткен кездесу Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді және ЕАЭО-ның тиімді жұмысына қажетті серпін береді, одақтың болашақ жұмысында, оның ішінде халықаралық қатынастардың дамуын ескере отырып, бірлескен нұсқаулықтарды әзірлеу үшін негіз болады.


Жоғары қарай