Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Қазақстан БҰҰ-ға алғаш рет Тұрақты даму бойынша есеп береді

2019 жылдың 25 қаңтар 2019 12:28 774

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан БҰҰ алдында алғаш рет еліміздегі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағытында есеп береді. Бұл туралы елордада өткен семинарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша жұмыстың белсенді кезеңі бастағалы отыр. Өздеріңіз білесіздер, еліміз осы процеске қосылған болатын. Біз ерікті міндеттерді орындайтынымызды растадық. Сондықтан Қазақстан осы мақсаттарды орындауға талпынып келеді», - М. Жүнісбекова.

Осы орайда ол 2019 жыл еліміз үшін маңызды екенін, себебі Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ ғимаратында алғаш рет дамудың барлық бағыттары тұрғысында ерікті баяндаманы жасайтынын атап өтті.

null 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Онда бірқатар мақсаттар қамтылған, бұл ретте кедейшілікті жою, табиғи ресурстарды сақтау, адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз ету секілді бағыттар ескерілген. Әрбір 17 мақсат бірқатар көрсеткіштерді қамтиды және оларға 15 жылдың ішінде қол жеткізу керек.

«Ұлттық экономика министрлігі бұл жұмыстарды бастап кетті. Тұрақты даму мақсаттарындағы 17 міндет мемлекеттегі атқарылып жатқан барлық бағыттарда ескерілген. Олар қалай болғанда да біздің саяси бағытымызда іске асырылуда. Мемлекет басшысы жариялаған барлық бастамалар тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға негізделген. Енді біз алға қарай ілгерілеуді қажет ететін салаларды анықтап, ТМД бойынша Қазақстанның жетістіктері үшін тиісті шараларды қабылдауымыз керек», - деді Мәдина Жүнісбекова.

 

 

Жоғары қарай