Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстан Бразилияның тау-кен өндіру саласына инвестиция салады

2019 жылдың 26 мамыр 2019 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Бразилияның тау-кен өндіру саласына инвестиция салады. Бұл жайында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов Бразилияның Баия штаты әкімшілігі мен «Bahia Mineração» компаниясы арасында Ильеус (Баия штаты) муниципалитетіндегі Аритагуа ауданында «Porto Sul» теңіз порты құрылысының жобасын жүзеге асыру және оның екі жекеменшік терминалын біріктіру мақсатында арнайы мақсаттағы оператор-компания құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты", - делінген таратылған ақпаратта.

Елшілік мәліметінше, Қайрат Саржанов Сальвадор қаласына сапары барысында штат губернаторы Руем Костамен, Баия штаты Өнеркәсіп кәсіпорындары федерациясының президенті Рикардо Албанмен, аталған федерацияның сыртқы сауда жөніндегі кеңесінің президенті Анджело Жуниормен кездесіп, Бразилияның Баия штаты мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады.

Айта кетейік, «Bahia Mineração» компаниясы 40 пайыз үлесі Қазақстан Үкіметіне тиесілі «Eurasian Resources Group» (ERG) тобының еншілес кәсіпорны саналады. Аталған компания Баия штатының Каэтите муниципалитетіндегі «Pedra de Ferro» темір кені өндірістік кешенінде жоба жүзеге асырып жатыр. ERG инвестициясының жалпы көлемі 1,5 млрд долларды құрайды.




null

Жоғары қарай