Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 00:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан түрлі дәрежедегі алты медаль еншіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, алтын медальға 81 келіге дейінгі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов қол жеткізді. «Күмісті» командаға Қамшыбек Қоңқабаев алып келді. ҚР құрамасының капитаны финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан ұтылып қалды. Солайша, екінші орын иеленді. Қазақстан қоржынына төрт қола медальды Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін) салды.

Өкінішке қарай, Қайрат Ералиев (57 келіге дейін) пен Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жүлдесіз қалды.

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Бірінші орынға үш «алтын», бір «күміс» және бір «қоламен» - Өзбекстан, екінші орынға үш алтын және бір қола медальмен Ресей орналасты.

Турнирде Қазақстан сияқты бір алтын медальды кубалықтар да иеленді. Бұдан бөлек, олардың еншісінде бір күміс және бір қола жүлделер бар. Олар төртінші позицияға жайғасты.

Бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Екатеринбург қаласында 7-21 қыркүйек күндері аралығында өтті. Халықаралық Олимпиада комитетінің шемімімен турнир Токио Олимпиадасына іріктеу статусынан айырылды. Дегенмен, оған қатысқан қатысушылардың саны ерекше көп болды. Атап айтсақ, 88 елден 467 спортшы келді. Екі жыл бұрын Гамбургте 85 елдің 279 боксшысы қолғап түйістірген болатын.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Бокс, Ресей, Спорт,
Жоғары қарай