Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстан аумағының басым бөлігінде аспан ашық болады

2019 жылдың 17 қараша 2019 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» 18 қарашада болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауып өтуі мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады деген болжам бар. Көктайғақ қатып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, Қарағанды облысында күндіз және Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді, Қостанай облысында көктайғақ болады.

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай