Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстан аумағында жер сілкінді

2019 жылдың 15 мамыр 2019 08:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 04 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 9,2. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Айта кетейік, 13 мамыр күні таңғы сағат 05.20-да Қазақстан оңтүстігінде жер сілкінген болатын. Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 552 шақырым жерде орналасты. «Энергетикалық санаты - 9,5. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінді сейсмологтардың ақпаратында.

Жоғары қарай