Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстан аумағында мекендейтін қар барыстарына ат қойылмақ

2019 жылдың 13 қаңтар 2019 14:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында мекендейтін әр бір қар барысына ID паспорт беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ержан Еркінбаев Instagram желісінде жазды.

Оның айтуынша, бұл жұмыс Snow leopard foundation қорының атқарып жатқан жұмыстарының жалғасы болмақ.

«Біздің қор өз жұмысының белсенді фазасына көшті. Алматы тауында браконьерлердің қудалауынан аман қалған, жарақат алған барыстарды оңалтатын орталық сонымен қатар, оларды бағып-өсіріп жабайы табиғат аясына жіберетін питомник салынады. Сосын жануарлардың санағын жүргізетін боламыз. Бүгін фото-тұзақ деген құрылғымен танысып жатырмыз. Соның арқасында барыстардың әрқайсысына ID паспорт беріліп, ат қойылады. Әр фототұзақта Sim-карта болады, сол арқылы сурет дереу офиске жоданып отырады»,- деді Ержан Еркінбаев.




null

Ол Қазақстанда 100-ге жуық барыс мекендейтінін айтты.

«Ал орнатылған фото-тұзақтардың саны 15-ке жетпейді. Жазға дейін Зоология институты мен Іле Алатауы паркімен бірлесіп жануарлардың санағын жүргізуге бағытталған арнайы әдістеме мен қажетті құралдарды алатын боламыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тауларында қар барысының зообағы ашылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай