Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстан әскери қызметшілері таеквондодан халықаралық турнирге қатысады

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 01:34 800

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде таеквондодан G1 санатындағы «Fujairah Open 2019» халықаралық турнирі өтеді. Аталған халықаралық додаға ҚР Қорғаныс  министрлігі Спорт комитеті - Орталық әскери спорт клубының спортшылары да қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ақпанның 1-3 аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері кіші сержанттар Руслан Жапаров пен Нұрсұлтан Мамаев, қатардағыжауынгерлер Руслан Харлампиев пен Бауыржан Жұмабеков ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетерлігі, «Fujairah Open 2019» халықаралық турнирі  барысында бүкіл дүниежүзі  спортшылары 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына ілігу мақсатында әлемдік рейтингтік ұпай үшін күш сынасады.

Жоғары қарай